Байланыс

2000 жылы негізі қаланды

KazGASA колледжі

Басты бет / Талапкерлерге/ Мамандықтар

Біздің мамандықтар

Қабылдау ережелері

Колледжге негізгі орта, орта (жалпы орта, техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады. KazGASA колледжінде тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін білім беру ұйымдарының басшылары өз жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайтын қабылдау комиссиясын құрады.

Өтініштерді қабылдау 25 маусымнан 20 тамызға дейін
Шығармашылық мамандықтарға құжаттарды қабылдау 25 маусымнан 20 шілдеге дейін
Шығармашылық емтихандары 21 шілдеден 28 шілдеге дейін
Күндізгі оқу бөліміне қабылдау 25 тамыздан 30 тамызға дейін

  1. Білім туралы құжаттың түпнұсқасы (аттестат қосымшасымен);
  2. 3х4 сурет – 6 дана (қосымша сурет JPG форматында электронды тасымалдаушыда);
  3. № 075-у, №063 медициналық анықтама, қосымша қайта оқылған флюорографиямен;
  4. Ер балаларға тіркеу куәлігі (көшірмесі);
  5. Жеке куәлік – 6 дана (кәмелетке толмағандар үшін туу туралы куәлік және ата-анасының біреуінің жеке куәлігінің көшірмесі);
  6. Ата-анасының біреуінің жеке куәлігі (көшірмесі).

*барлық құжаттардың скан. нұсқасы электронды тасымалдағышта алып жүру керек.

«Сәулет», «Графикалық және мультимедиялық дизайн», «Киім дизайны» мамандықтарына оқуға түсетін студенттер шығармашылық емтихандар тапсырады.

Бағалау пәндері бойынша емтихандар нысанында «3», «4», «5», қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынғандарды қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша ұпайларға ауыстырады: «3» – 8 ұпай, «4» – 17 ұпай, «5» – 25 ұпай.

Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және емтихан тапсырмаларын бағалау, пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында колледжде апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляциялық комиссияның құрамын оқу орнының басшысы бекітеді. Комиссия оның төрағасын қоса алғанда, мүшелердің тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

Шығармашылық емтихандардың нәтижелерімен келіспеген талапкердің апелляцияға беруге құқығы бар.

Апелляция қабылдау комиссиясына түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13-00-ге дейін беріледі, содан кейін апелляциялық комиссия өтініш берушінің қатысуымен қарайды және шешім қабылдайды. Шығармашылық емтихандарды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

KazGASA колледжінде бір жылдық оқу құны – 630 000 тг.

Колледжге түсетін талапкерлерге ақы төлеу үшін деректемелер:
– «ҚазБСҚА колледж-мектебі» ЖШС
– 050043, Алматы қ., Рысқұлбеков көшесі, 28
– БСН 010640001407
– «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
– БИК HSBKKZKX
– ЖСК KZ426017131000000295 (KZT)
– KZ756018771001118611 (USD)