2000 жылы негізі қаланды
KazGASA колледжі
Басты бет / Колледж туралы / Миссия және тарих
KazGASA колледжінің миссиясы – кәсіби қызметтің заманауи жағдайында көшбасшы бола алатын, білікті, бәсегеке қабілетті мамандар дайындау және рухани биік тұлға тәрбиелеу.
Мақсаттар
Студенттерді қоғамның, табиғаттың даму заңдылықтарын түсінуге және осылайша үнемі жетілдіруге, адалдық, әдептілік, үлкендерге құрмет, ізгілік және әдептілік сияқты жеке қасиеттерді қалыптастыруға баулу. Бұған оқу бағдарламалары да, студенттерді студенттік ұйымдар, клубтар мен орталықтар арқылы аудиториядан тыс, ғылыми, қоғамдық, мәдени және спорттық іс-шараларға тарту да ықпал етеді. Оқытушылардың тәлімгерлігіне, үлкен студенттердің кіші студенттерге қамқорлығына үлкен рөл беріледі.
Елдің бәсекеге қабілеттілігін және орнықты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін сапалы және қолжетімді білім беру.
Стратегиялық мақсат:
– білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
– оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысының деңгейін арттыру;
– ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби тұрғыдан қалыптастыруға бағытталған мақсаттар мен қағидаттардың бірлігі.
Колледждің міндеттері:
– кәсіби құзыреттілік пен жоғары мәдениетті үйлестіретін сәулет, қала құрылысы және дизайн салаларына мамандар даярлау;
– аймақтың және елдің экономикасын тиімді дамыту мүдделеріне, жұмыс берушілердің мүдделеріне, жеке тұлғаның және зияткерлік, мәдени – адамгершілік дамудың қажеттіліктерін іске асыру мүдделеріне жауап беретін мазмұнды сапалы жаңарту арқылы оқу жоспарлары мен оқыту бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
– отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір білім алушының даралығын жан-жақты дамыту үшін жағдай жасау;
– World Skills кәсіби шеберлік байқауларына белсенді қатысу.
KazGASA колледжі құндылықтары
KazGASA колледжі Scholarships ішкі арнайы стипендияларын алдыңғы білімі мен түсу емтихандарының (оның ішінде ҰБТ) нәтижелері бойынша жоғары балл жинаған талапкерлерге оқу үшін 100%, 50% және 25% жеңілдікпен тағайындайды, басқа қаладан келген оқушыларға жатақхана, оқу үшін икемді төлем жүйесі ұсынылады.
Колледждің дамыған техникалық базасы бар: мультимедиялық проекторлар мен интерактивті тақталар орнатылған білім беру аудиториялары, мультимедиялық проекторлармен жабдықталған дәріс залдары, оқу зертханалары, компьютерлік сыныптар, электронды-мультимедиялық зал, екі оқу залы және жалпы қоры 69582 дана атауы бар кітапхана; екі гимнастикалық зал, тренажер залы, үстел теннисімен айналысуға арналған зал, баскетбол, шағын футбол және волейбол ойнауға арналған зал, медициналық қызмет көрсету пункті; асхана және екі буфет.
2000 жылдың сәуірінен
Колледж тарихы
ҚР Үкіметінің 26.04.2001 жылғы №559 қаулысы негізінде «Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы» ҚМСҚА «Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы» жабық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
2003 жылғы 06 қарашада «Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы» ЖАҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының №3 хаттамасымен «Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы»АҚ болып қайта құрылды. (Мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік №40744-1910 АҚ 13.11.2003ж.)
2019 жылғы 27 мамырда «Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының №2 хаттамасымен қайта құру жолымен «Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы» ЖШС болып қайта құрылды. (Мемлекеттік тіркеу туралы 21.08.2019 ж. №3231 бұйрық)
Қатысушылардың жалпы жиналысының 2020 жылғы 24 маусымдағы №4 хаттамасымен «Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы» ЖШС «ҚазБСҚА жанындағы Сәулет және құрылыс колледжі – Лицей» ЖШС болып өзгертілді. (30.06.2020 жылғы мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама)
Жалғыз қатысушының 2022 жылғы 19 мамырдағы шешімімен «ҚазБСҚА жанындағы Сәулет және құрылыс колледжі – Лицей» ЖШС «ҚазБСҚА Колледжі – Мектебі» ЖШС болып өзгертілді. (07.06.2022 жылғы мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама).