Байланыс

2000 жылы негізі қаланды

KazGASA колледжі

Басты бет / Студенттерге / Sanaly urpaq

"Sanaly urpaq" жоба офисі

«Sanaly urpaq» жобасының миссиясы – еліміздің білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамауды қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтан азат Қазақстанда өмір сүруге бағытталған патриоттық және бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу.

Жобаның мақсаты-білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамау ортасын қалыптастыру.

Жобаның стратегиясы елдің білім беру ұйымдарында озық практиканы одан әрі пайдалану мақсатында пилоттық бағыттарды апробациялауға және іске асыруға негізделген.

Негізгі жетістіктер
Мемлекет басшысы саясатының арқасында Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың түбегейлі жаңа моделін іске асыруда. Процесс «Қазақстан-2050″ Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» шеңберінде жүзеге асырылады, ол сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларын, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, Бес институционалдық реформаны және «100 нақты қадам»Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады. Бұл құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қоғамда оның кез келген көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру үшін жүйелі жағдайлар жасалған.

Қабылданған жүйелі және кешенді шаралар нәтижесінде әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барынша азайтылды, оларды көрсету стандарттары мен регламенттерін енгізу есебінен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы артты, қоғам алдында есеп беретін транспарентті, ашық мемлекетке көшу қамтамасыз етілді, үкіметтік емес сектормен сындарлы әріптестік және ашық диалог жолға қойылды, осы заманғы және тиімді заңдар қабылданды, халықтың құқықтық санасы, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті өсті. Бұған қоғамның мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына деген сенім деңгейінің артуы дәлел болып табылады.

Жобаның Негіздемесі
1) ел халқының төрттен бір бөлігі (4,5 млн. адам) білім беру саласына тартылған (мектеп оқушылары, колледж студенттері, оқытушылар);
2) білім беру саласы білім берудің ғана емес, жастардың рухани және мәдени дамуының да факторы болып табылады және нақ осы жас жаста негізгі өмірлік қағидаттар мен адами құндылықтар бой көтереді;
3) Академиялық адалдық білім беру сапасының және оқушылар мен студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудың негізгі факторларының бірі болып табылады;
4) сапалы білім мен дұрыс өмірлік қағидаттардың багажын алған жастар ересек өмірде де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты ұстанатын болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қазіргі саясаттың басымдықтары
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа саясатының басты ерекшелігі-назардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ауысуы. Алғаш рет превенция институттары – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, талдау және жою енгізілді. Халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту мен тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлықты мүлдем қабылдамау ахуалын қалыптастыру жөніндегі шаралар кешені іске асырылуда.