2000 жылы негізі қаланды
KazGASA колледжі
Басты бет / Талапкерлерге / Мамандықтар
Геодезия және картография
07310200
Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай
Оқу құны: 630 000 тг.
Оқыту түрі – күндізгі
Оқыту тілі – қазақ тілі, орыс тілі
KazGASA колледжінде «07310200 – Геодезия және картография» мамандығы бойынша «Техник-геодезист» біліктілігі бойынша кадрлар даярлау жүзеге асырылады.
Техник-геодезистер құрылыста маңызды рөл атқарады: тірек бағаналарын, кран асты жолдарын және ғимараттар мен жабдықтардың басқа да өзара байланысты элементтерін орнатуды қамтамасыз етеді, салынған ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйіне бақылау жүргізеді.
«Геодезия және картография» мамандығының түлектері келесі қызметтерді атқара алады:
► инженерлік құрылымдарды іздестіру, жобалау, салу және пайдалану кезіндегі инженерлік-геодезиялық жұмыстар кешені;
► геодезиялық және топографиялық жұмыстар;
► құрылған аумақтардың кадастрын геодезиялық қамтамасыз етуді құру;
► геологиялық барлау жұмыстарына қатысу.
Мамандар кәсіби қызметтің келесі салаларында жұмыс істей алады:
► әскери, аэроғарыштық және өнеркәсіптік кешендерді қоса алғанда, экономиканың барлық салалары;
► азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс;
► инженерлік зерттеулер;
► жер ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік органдар.
Біздің мамандықтар
Саулет
07310100
Графикалық және мультимедиялық дизайн
02110300
Киім дизайны
02120200
Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану
07320100
Геодезия және картография
07310200
«Данекерлеу ісі (түрлері бойынша)»
07150500
Дизайн (бейім бойынша)
0402000