KazGASA колледжі
2000 жылы негізі қаланды
Басты бет / Талапкерлерге / Мамандықтар

Киім дизайны

02120200

Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай
Оқу құны: 450 000 тг.
Оқыту түрі: күндізгі
Оқыту тілдері: қазақ, орыс
KazGASA колледжінде «02120200 – Киім дизайны» мамандығы бойынша кадрлар даярлау келесі біліктіліктер бойынша жүзеге асырылады:
4S02120203-Киім дизайнері
3W02120201-Техникалық және көркемдік эскиздерді Орындаушы

4S02120203-Киім дизайнері

Оқу барысында осы саладағы студенттер заманауи тенденцияларды қолдануды, тігін бұйымдарын технологиялық дайындауды, киім салу әдістемесін қолдануды, киім құрылымының ерекшеліктерін ескеруді, экскиздерді орындау кезінде ұтымды техниканы таңдауды, тігін бұйымдарын безендіруді және тағы басқаларды үйренеді.

Осы саланың мамандары киімді жобалаумен және құрастырумен айналысады.

Түлектер сәулет фрагменттерін, экспозицияларды, интерьерлерді, өндіріс және тұрмыстық заттарды, визуалды коммуникацияларды, жарнамаларды безендіру бойынша жұмыстарды жобалауға және орындауға мамандандырылған. Мамандықтар бойынша сәйкес келетін кәсіпорындардағы шығармашылық жобалау жұмысқа дайындық болып табылады.

Дизайнерлер түрлі байқауларға, сән апталығына қатысуға және костюм дизайнері, өндірісте суретші-модельер болып жұмыс істеуге, сондай-ақ өз бизнесін ұйымдастыруға мүмкіндік алады.
«Киім дизайны» мамандығына түсу үшін KazGASA колледжіне шығармашылық емтихан тапсыру қажет.


3W02120201-Техникалық және көркемдік эскиздерді орындаушы

Техникалық және көркемдік эскиздерді орындаушы суретшінің немесе дизайнердің басшылығымен эскиздер жасайды. Мамандық жаңа үлгілерді жасағысы келетін және шығармашылық ынтасы бар тұлғаларға қызықты болуы мүмкін.

Оқу барысында студенттер келесі білімді меңгереді:
қарапайым геометриялық қаріптерді, шрифт композицияларын және графикалық-шрифт композицияларын құру принциптері;
эскиздерді орындау кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері;
жұмыста қолданылатын әртүрлі жұмыс құралдарының, корпус пен химиялық материалдардың қасиеттері мен мақсаттары.
Оқуға түсуге өтінім жіберу
Біз жақын арада Сізбен хабарласамыз!

Біздің мамандықтар

Графикалық және мультимедиялық дизайн
02110300
Киім дизайны
02110200
Геодезия
және картография
07310200
Сәулет
07310100
Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану
07320100
КОЛЛЕДЖ ТУРАЛЫ
ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
СТУДЕНТТЕРГЕ
ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ
ДИРЕКТОРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ
БӨЛМЕСІ
КОЛЛЕДЖ ҚЫЗМЕТІ
«kazgasa.kz» © 2021
Барлық құқықтар қорғалған
info@kazgasa.kz