Байланыс

2000 жылы негізі қаланды

KazGASA колледжі

Басты бет / Талапкерлерге / Мамандықтар

Графикалық және мультимедиялық дизайн

02110300

Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай
Оқу құны: 450 000 тг.
Оқыту түрі: күндізгі
Оқыту тілі: қазақ тілі, орыс тілі

KazGASA колледжі «02110300 – Графикалық және мультимедиялық дизайн» бағыты бойынша графикалық дизайнер біліктілігі бойынша мамандар даярлайды.

Оқу барысында студенттер осы бағыт бойынша жалпы білім алады, кәсіби қызмет объектілерін – ғимараттар мен құрылыстардың тұрғын және басқа үй-жайларының экстерьерлері мен интерьерлерін тереңдетіп оқиды.

Түлектер кәсіби қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыра алады:
 іздестіру және жобалау;
 өндірістік-технологиялық және өндірістік-басқару;
 эксперименталды зерттеу.

Оқу аяқталғаннан кейін мамандар келесі функцияларды орындай алады:
 өнімдер мен кешендердің дизайн жобаларын әзірлеу;
 жобаның дизайнын жасау кезеңдерінде қажетті техникалық ақпаратты іріктеуді және талдауды жүзеге асыру;
 көлемді-кеңістіктік және графикалық дизайнды жүзеге асыру, өнім формаларын нақтылау;
 жобаланған өнімге техникалық құжаттаманы әзірлеу.

«Графикалық және мультимедиялық дизайн» мамандығына оқуға түсу үшін KazGASA колледжіне шығармашылық емтихан тапсыру қажет.

Біздің мамандықтар