KazGASA колледжі
2000 жылы негізі қаланды
Басты бет / Студенттерге / Іс-шаралар

WorldSkills

Халықаралық коммерциялық емес қозғалыстың мақсаты - жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылады. WorldSkills қозғалысы, соның ішінде EuroSkills қозғалысы жастарды жұмысшы мамандықтарды игеруге тартады және еліміздің жас мамандарына алған кәсіби біліктіліктері мен құзыреттерін әлемдік аренада көрсетуге мүмкіндік береді.

WorldSkills Kazakhstan - кәсіптік бағдарлау, кадрлар даярлау, сарапшылық қоғамдастықтарды қалыптастыру және еңбек өнімділігін арттыру мақсаттарын қоса алғанда, халықаралық стандарттар негізінде техникалық мамандықтар бойынша өнеркәсіптің жоғары технологиялық салаларын кадрлық қамтамасыз ету мен қалыптастырудан тұрады.

Негізгі мақсаттары:

Жастарды кәсіптік даярлаудың үздік әлемдік практикаларын анықтау және оларды ҚР техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі – ТжКБ) жүйесіне енгізу
Қазақстанның ТжКБ жүйесіне инновациялық процестерді ынталандыру және оқытудың жаңа технологияларын енгізу
Оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша жүйелі әдістемелік көмек арқылы Қазақстанның сарапшылық қоғамдастығын дамыту
Еңбек адамының мәртебесін және техникалық кәсіптердің беделін арттыру
Қазақстан WorldSkills халықаралық ұйымына 2014 жылы қосылды және 50-ден астам құзыреттер бойынша өңірлік, өңіраралық және ұлттық кәсіби шеберлік чемпионаттарын өткізеді. Сонымен қатар, биылғы жылы конкурсқа futureskills-тің қарқынды өзгеретін әлемдегі болашақ мансабы үшін қажетті кәсіптері мен дағдылары туралы түсінік қалыптастыруға көмектесетін құзыреттер енгізілді.

KazGASA колледжі алғаш рет 2018 жылы қатысып, World Skills Almaty өңірлік чемпионатына келесі функцияларды орындау алаңына айналды: тақтайшалармен қаптау, кірпішпен қалау, ақпараттық модельдеу технологиясы (BIM), графикалық дизайн.

ПрофМастерОК

ПрофМастерОК - бұл құрылыс мамандықтарының студенттеріне, ОКБ қызметкерлері мен құрылыс компанияларының өкілдеріне арналған екі кезеңнен тұратын халықаралық байқау: кәсіби және шығармашылық. Байқаудың негізгі мақсаты-жұмысшы мамандықтарды насихаттау және Ресейлік оқу орындары мен құрылыс индустриясы компанияларының ынтымақтастығын дамыту.

ПрофМастерОК - кәсіби және шығармашылық конкурстарды біріктіретіндігімен ерекше. Қазақстанның түрлі қалалары мен басқа да елдердің қатысушылары өздерін кәсіби құрылысшылар және жан-жақты шығармашылық тұлғалар ретінде көрсетеді.

«kazgasa.kz» © 2021
Барлық құқықтар қорғалған
info@kazgasa.kz