KazGASA колледжі
2000 жылы негізі қаланды
Басты бет / Талапкерлерге / Мамандықтар

Сәулет

07310100

Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай
Оқу құны: 450 000 тг.
Оқыту түрі: күндізгі
Оқыту тілдері: қазақ, орыс
KazGASA колледжінде «07310100– Сәулет» мамандығы бойынша «Техник-жобалаушы» біліктілігі бойынша кадрлар даярлау жүзеге асырылады.

Колледжде оқу барысында студенттер сәулет тарихы, сәулет дизайны, сәулет бөлшектері, технология және құрылыс өндірісін ұйымдастыру туралы білім алады.

Осы біліктілік бойынша түлектер сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызметті жүзеге асыра алады.

Мамандар жобалық жұмыстарды орындай алады, олардың техникалық тапсырмаларға, қолданыстағы стандарттарға, техникалық шарттарға, құрылыс нормалары мен ережелеріне, қауіпсіздік ережелеріне, өндірістік санитария мен өрттен қорғауға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Түлектер келесі кәсіби қызмет нысандарында жұмыс істей алады:
құрылыс, құрылыс-жөндеу компаниялары, конструкторлық бюролар;
адам қызметінің әртүрлі салаларындағы көркем-безендіру жұмыстары;
өнеркәсіптік өнімдердің үлгілері, көлік құралдары, мәдени мақсаттағы заттар, қалалық ортаны жарнамалық-ақпараттық қамтамасыз ету элементтері, көрмелер, мұражайлар, жәрмеңкелер, фестивальдар, мерекелер, графикалық өнімдер, мәдени және тұрмыстық мақсаттағы жеке бұйымдар.

KazGASA колледжіне «Сәулет» мамандығына оқуға түсу үшін шығармашылық емтихан тапсыру қажет.
Оқуға түсуге өтінім жіберу
Біз жақын арада Сізбен хабарласамыз!

Біздің мамандықтар

Графикалық және мультимедиялық дизайн
02110300
Киім дизайны
02110200
Геодезия
және картография
07310200
Сәулет
07310100
Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану
07320100
«kazgasa.kz» © 2021
Барлық құқықтар қорғалған
info@kazgasa.kz