КазГАСА колледж на казахском

Емтихандарды қайта тапсыру

Құрметті KazGASA колледжі білім алушылары!

Қысқы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша емтихандарды қайта қабылдау және пәндерді қайта оқу форматы бекітілді

Емтихандарды қайта тапсыру 2022 жылғы 17-24 қаңтар аралығында ZOOM-да бейне-конференц-байланыс режимінде онлайн форматта өтеді. 14.01.2022 ж. деканат Сізді қайта тапсыруды қабылдау бойынша бекітілген емтихан кестесімен және емтихан өткізу туралы жадынамамен таныстырады

2022 жылғы 19 қаңтарға дейін корпорация қызметкерлері онлайн форматта жұмыс істейді. Барлық сұрақтар бойынша деканатқа немесе Тіркеуші кеңсесіне телефон арқылы немесе пошта арқылы хабарласуды сұраймыз. Сонымен қатар call-орталық жұмыс істейді: 8 (727) 355-10-56; 8 (800) 070-10-56