КазГАСА колледж на казахском

Ақиық қазақ ақыны Мұқағали Мақатаев кеші

10 ақпан KazGASA колледжінде ақиық қазақ ақыны, жазушы, аудармашы және лирик - Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай жазушының кеші өтті.

Кештің мақсаты студенттерімізге Мұқағали Мақатаевтың өз Отанының патриоты ретіндегі жеке тұлғалық бейнесін, ақынның көпқырлы талантын, шығармаларының тереңдігін көрсету, сондай-ақ өмірі мен шығармашылығымен таныстыру болды.

Білім алушылар ақынның өлеңдерін оқып қана қоймай, поэмаларынан қойылымдар қойды. Ақынның сезімге толы сырлы өлеңдерімен сусындаған көпшілік ерекше әсерге бөленіп, студенттердің еңбектерін жоғары бағалады.

Кеш ұнады ма? Ақынның қандай өлеңі Сізге көбірек ұнады?