КазГАСА колледж на казахском

«Scholarships» арнайы стипендиясын тағайындауға өтініштерді қабылдау

Құрметті студенттер,

2021-2022 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша "Scholarships" арнайы стипендиясын тағайындауға өтініштер

2021 жылғы 2 желтоқсаннан 24 желтоқсанға дейін қабылданады


Өтінішке қосылып берілетін міндетті құжаттар

ТІЗІМІ


1.      Бухгалтерлік бағдарламаларға сәйкес белгіленген нысандағы соңғы 6 айға аударымдарды көрсете отырып, жалақыны есептеу туралы анықтама (1С-Бухгалтерия/ еңбекақы);
2.      Уақытша жұмыс болмаған жағдайда – ХҚКО нөлдік табысы туралы анықтама;
3.      Жеке куәліктер, отбасы мүшелерінің туу туралы куәліктерінің көшірмесі (отбасының құрамын анықтау үшін).
4.      Егер ата-анасы зейнеткер болса, ХҚКО-дан (Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ «Азаматтарға арналған үкімет») табыс туралы анықтама (зейнетақы төлемдерінің мөлшері).

Жарияланған мәртебесін растайтын қосымша құжаттар

ТІЗІМІ

1.      Мүгедектігі туралы анықтама (отбасы құрамының тізімінде);
2.      Ата-анасының зейнетақы куәлігі;
3.      Ата-ананың еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі туралы анықтама/еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама;
4.      Алименттерді өндіріп алу туралы сот қаулысы;
5.      Ана/әкенің қайтыс болуы туралы куәлік;
6.      Ажырасу туралы куәлік / ата-ананың ажырасуы туралы сот шешімі;
7.      Неке қию туралы куәлік (білім алушы));
8.      Көп балалы ананың куәлігі. «Алтын алқа» алқасымен марапаттау;
9.      Некеге тұру туралы куәлік (ата-анасы қайта үйленген кезде, тегі өзгергенде);
10.  Өгей әкенің табысы туралы анықтама;
11.  Балалар үйінен, мектеп-интернаттан және т.б. анықтама;
12.  Ата-ананың бас тарту туралы өтініші;
13.  Ата-ананы құқықтарынан (ата-ана) айыру туралы сот шешімі;
14.  Асыраушысынан (ата-анасынан) айырылу бойынша жәрдемақы төлеу туралы анықтама.

Өтінішті рәсімдеу

ТӘРТІБІ

Оффлайн форматта оқитын студенттер үшін: өтініш формасын (үлгіні қараңыз) басып шығару және толтыру, қолы мен күнін қою, барлық құжаттарды тіркеп және барлық қолдарды кезектілік тәртібімен жинап, құжаттар пакетін Тіркеуші офисіне тапсыру қажет.
ü KazGASA Колледжі: байл.тел.- 87076715484 Гульназ Толемисовна +7 777 1461729

НАЗАР аударыңыз!

Құжаттардың міндетті тізімі болмаған жағдайда, өтініш қаралмайды!
Белгіленген мерзімнен кейін берілген өтініш қаралмайды!
Бағалау (А, А -) бойынша критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда, өтініш қаралмайды!
Студент деканатта немесе сайтта "Scholarships" стипендиясын тағайындау нәтижелерін өз бетінше білуге міндетті!
Сұрақтарыңыз болса, қосымша байланыс: 8 (727) 220-80-82