КазГАСА колледж на казахском

«АБРИС ДИЗАЙН» шеберханасында макет жасау бойынша тәжірибе

Күні кеше Алматы қаласы ҚазБСҚА колледжінің үшінші курсының 16 студенті «АБРИС ДИЗАЙН» макеттік шеберханасында тәжірибелік дайындық курсын аяқтады. Олар тәжірибеден өткендігі туралы сертификаттар алды, ал ерекше көзге түскендер мақтау қағаздарымен марапатталды. Шеберханада өткізілуі алғаш емес тәжірибені «АБРИС ДИЗАЙН» компаниясының қызметкерлері мен ҚазБСҚА колледжінің мамандары ұйымдастырды. Сайт үшін жасалған блиц-сұхбатта студенттер өткен дайындықтан алған әсерлерімен бөлісті.

Ступко Майя: – Макет жасауды бізге колледжде оқытты. Бұл маған қызықты болып көрінді, сондықтан мен тәжірибе кезінде қайтадан макеттерге оралатыныма, олар туралы жаңа нәрсе білетініме қуанышты болдым. «АБРИС ДИЗАЙН» шеберханасы жұмыс істеуге ыңғайлы әрі жайлы орын болып шықты. Онда барлығы қисынды түрде ұйымдастырылған, бастапқы кезеңде бізге қауіпсіздік техникасын қоса алғанда, егжей-тегжейлі нұсқау берілді. Шеберханада біздің макеттер жасау жөніндегі қабілетімізге түсіністікпен қарады - егер біреудің қолынан келмей жатса, оған оңай тапсырмалар берілді, ал жақсы орындағандар үшін қиынырақ жұмыстар берілді. Сондай-ақ шеберханада бізді жұмыс тәртібіне үйреткені де маңызды болды – олар жұмыстан кейін барлығын жинау керектігін, кешікпеу керектігін ескертіп отырды.

Басында біз ағаштарды жасадық, оларды «жапырақпен киіндірдік», яғни боялған губка жабыстырдық. Содан кейін пинцет пен желімнің көмегімен кішкентай сырғанақтар мен әткеншектері бар ойын алаңдарының макеттерін құрастыра бастадық. Көп еңбекті талап ететін жұмыс екен, зейін мен шыдамдылықты қажет етеді.

Маған тәлімгерлердің бізбен адал жұмыс істегені ұнады - жетістіктерімізді мойындады және қателіктер туралы айтудан тартынбады, оларды болдырмауға көмектесті. Болашақта макетпен жұмыс жасауға кезіксем, не туралы сөз қозғалып жатқанын нақты түсінетін боламын.

Полистовский Лель: – Тәжірибе кезінде біз қарапайым, бірақ біркелкі, бір типті әрекеттерді орындадық. Өйткені, бұл өндірісте көптеген бірдей бөлшектер қажет етіледі. Шынымды айтсам, жаңа нәрсені ойлап шығаруға тура келетін шығармашылық жұмысқа жақынмын. Оқумен қатар мен дизайнер болып жұмыс істеймін. Сондай-ақ мен модельдеумен, 3D модельдеумен айналысамын, ол көп еңбекті әрі дәлдікті қажет ететін макет жасау ісіне жақын.

Шеберханада мені лазерлік кесу білдегі қатты таң қалдырды, оның көмегімен жұқа фанер мен картоннан макеттердің керемет фигуралық бөлшектері жасалады. Бұрын макеттер тақырыбы маған әуесқой диорамалар арқылы таныс болатын, оның ішінде фантастикалық фильмдер де бар. Әсіресе шеберлікпен жасалған кезде өте әсерлі көрінеді.

Самат Багнур: – Бәрі бірден қолымыздан келген жоқ. Мен үшін қиыны шеберханаға жету еді, жолға бір сағаттай уақыт кететін. Дегенмен мен жаңа тәжірибе алдым. Колледжде біз бөлменің макетін жасасақ та, бірақ шеберханада іс жүзінде әлдеқайда ұсақ бөлшектермен айналысуға тура келді. Макет жасау заттардың пропорцияларын дұрыс жеткізуге, түрлі түстермен жұмыс істеуге үйретеді. Болашақ дизайнерлер ретінде бізге үйлесімділік ұғымын түсіну маңызды. «АБРИС ДИЗАЙН» шеберханасында біз макеттерді егжей-тегжейлі қарауға, ғимараттардың әртүрлі компоненттері - терезелер, қабырғалар, декор бөлшектері қалай және неден жасалғанына назар аударуға мүмкіндік алдық. Жақсы макетке зер сала мұқият қарасаңыз, оның қаншалықты қиын екенін түсінесіз, бірақ соңында бұл әдемі жұмыс.

Танатова Аружан: – Тәжірибенің бірінші күні менде не істейтінім туралы толық түсінік болмады. Ол күні біз құжаттаманы, түрлі нұсқауларды зерделеумен көбірек айналыстық. Мүмкін, алғашқы күндері тіпті есеңгіредік десек те болады - мен көптеген жаңа әсер алдым. Содан кейін біз макеттерге арналған дайындамаларды - ағаштар мен бұталарды жасай бастадық. Мен оны қызықты деп таптым. Қолымнан бірден келе қоймады. Бірақ тез ұғындым, сосын тапсырмалар қиындай бастады. Біз макет жасауды ұйымдастыру процесімен, шеберхананың өз құрылымымен таныстық. Мен бәрін көбірек есте сақтауға тырыстым.

Маған шеберхананың ыңғайлылығы мен тыныштығы, бір уақытта жұмыс істеп, сонымен бірге ойлау, тыныш музыка тыңдау мүмкіндігі ұнады. Маған кішкентай жұмыс, тіпті бояу оңайға түсті. Өз ойларыма кіріп кетіп, соңында көптеген дайындамаларды жасап тастағаныма өзім де таң қалған едім.

Біз, «АБРИС ДИЗАЙН» командасы, Қазақстанда макет жасау ісін дамытуға үлес қосуға және жаңадан бастаушы мамандарға өз таланттарын ашуға көмектесуге қуаныштымыз. Студенттерді тәжірибеден сәтті өтулерімен шын жүректен құттықтаймыз. Макет жасауға қызығушылық танытатын барлық студенттерді https://maketi.kz/ сайтында компания қызметімен алдын ала танысып, біздің компанияда тәжірибеден өтуге өтініш беруге шақырамыз. Орындар саны шектеулі.