Достар, еске сала кетсек, KazGASA колледжі студенттері үшін 1-10 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған «Дизайн» бағытының онкүндігі өткен болатын
Оқытушылар гобелен, скрапбукинг, манекенге киімдерді макеттеу, кескіндеме, акрил бояуларымен фанерге сурет салу, көркем кесте тігу бойынша қызықты шығармашылық шеберлік сыныптары мен ашық сабақтар өткізді
Шеберлік сабақтарына тек студенттер ғана емес, сонымен қатар біздің колледждің оқытушылары да қатысты
KazGASA колледжі студенттер үшін түрлі бағдарламалар, қызықты сабақтар өткізіп тұрады. Себебі шығармашылық әрдайым шыңдауды қажет етеді!